ЖОЛДАУ: Шымкент қаласына жүктелер міндет жоғары

tories/-.png» width=»280″ height=»205″ alt=»-» style=»float: right;» />

       Сейсенбі күні Шымкент қаласының әкімдігінде қала активінің қатысуымен Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған алқалы жиын өтті. 
        Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. 
Актив жиналысында Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тарихи маңызды құжаттың басым бағыттары және Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудағы кезек күттірмейтін мәселелер жөнінде баяндама жасады.
        «Біздің Президент «Мәңгілік Ел» — Қазақстанның ұлттық идеясын ұсынды. Ұлттық идеяны жүзеге асыру — Қазақстан халқына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуге, өмірлік сапасын арттыруға, мәңгілік ел болуға мүмкіндік береді». Бұл Жолдау — дамудың даңғылына түскен егемен еліміздің адастырмас темірқазығы, басшылыққа алатын басты бағдары болды. Бұл — әрбір қазақстандық үшін маңызды құжат деп ойлаймын. Өйткені, Жолдаудың әрбір жолында миллиондаған халықтың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты Президентіміздің қамқорлығы мен қолдауы айқын сезіледі», -деді қала әкімі баяндамада. 
       Қала әкімі атап өткендей, Жолдауда сөз болған Инфрақұрылымдық үштаған (триада) – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз етуде Шымкент қаласына жүктелер міндет жоғары. Қазақстанның урбандалған ірі орталық қалалары – Астана мен Алматы, содан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсететінін атап өтті. 
       «Өздеріңізге мәлім, Елбасы оңтүстікке іс-сапары барысында Шымкентті ірі қалалардың үштігіне қо-сып, келешегі зор екенін атап өткен болатын. Шым-кентті облысымыздың агломерациялық орталығы ре-тінде дамыту үшін қаланың жаңа бас жоспары бекі-тіліп, шекарасы 2,5 есеге ұлғайтылды. Қалаға 40 елді-мекен қосылып, халық саны 1,0 миллионға жуықтады. 
       Жаңа бас жоспарда қала шекарасын үлкейтіп қана қоймай, 1,2 миллион халыққа қажетті әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым, жасыл аймақ ретінде дамыту қарастырылған,- деді қала әкімі Дархан Амангелдіұлы. Сондай-ақ актив жиынында Қалалық мәслихаттың депутаты, «Мұнай Инвестмент Групп» АҚ-ның басқарма төрағасы Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы, «Нұр Отан» партиясының орталық кеңесінің мүшесі, облыстық өзбек мәдени орталығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы, А.С.Пушкин атындағы №1 гимназия мектебінің мұғалімі Шевченко Елена Викторовна, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Дүйсебеков Береке Талғатұлы жарыссөзге шығып, жаңа Жолдаудың негізгі айырмашылығына, әрбір қазақстандықтың биылғы Жолдаудың идеясын жүзеге асыруға атсалысуы қажеттігіне тоқталды.
Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика