СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДЫ ӘУЕДЕН ШОЛЫП ЖҮР

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қала аумағындағы  гидротехникалық құрылыстарға және көктемгі су басу қауіпі бар аумақтарға тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көктемгі су басу қауіпті кезеңінде төтенше жағдайды алдын алу мақсатында 2022 жылғы 9 ақпанда тік ұшақпен әуеден шолу жасалды.

Шолу жұмыстарына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов және департамент бастығының орынбасары полковник Ж.Кәрімбаев қатысты. Ұшу барысында қала аумағындағы су басу құбылысы болуы мүмкін аумақтар зерделеніп, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тапсырмалар талқыланды.

Атап айтқанда, «2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасына» сәйкес, Шымкент қаласындағы «Тәулсіздікке 20 жыл», Қызылжар, Игілік, Маятас, Тоғыс, Жыланбұзған елді мекендерін су басудан қорғау мақсатында Бадам өзенінің арнасын нығайту, Ақжар су қоймасында локалды құлақтандыру жүйесін орнату, «Ақсай-Қарабастау», «Бозарық», 195 орамдағы каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары пысықталды. Осы бағытта әрбір учаске әуеден зерделеніп, орындауға жауапты тиісті мекемелерге тапсырма берілетін болады.

Қала аумағында Бадам, Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймалары бар. Бүгінде олардың орташа толуы 13-60% құрап отыр. Қазіргі таңда келуі ықтимал тасқын су қабылдауға жеткілікті қоры бар.

Бүгінгі таңға су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мәселесі ТЖ департаментінің ерекше бақылауында.

Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика