Алдымен түсініктеме бере кетейік. Табиғатты қорғау дегеніміз — тірі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін және өлі — топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б. корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат корғаудағы негізгі мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз калпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.
Өңірлік табиғи паркі — орман күзету, қорғау шараларын еш уақытта тоқтатқан емес. Осы орайда, жыл басынан бастап облыстық, аудандық құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізілуде. Сондықтан, қала халқын туған жеріміздің көркі – жасыл орманымызды қорғап, сақтап, молайтуға шақырамыз! Ол – әр тұрғынның азаматтық парызы.
Т.Кішібай,
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің бас маманы
Leave a Reply