Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Оспанов Берік Серікұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» №5 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда аталған орталықта балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.
Орталықта 116 балаға орын жасақталған, қазіргі таңда 81 балаға қызмет көрсетілуде.
Айта кетсек, «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің ішінен ашылған орталықта тірек-қимыл және жүйке жүйесінің дертіне шалдыққан 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Осы мақсатта ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған.
Кездесу соңында Берік Серікұлы орталықтың жұмысына оң бағасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Leave a Reply