ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЙТЫН ЖҮЙЕ ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЙТЫН ЖҮЙЕ ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТІК ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түлектерді ҰБТ сынағына дайындайтын Joo.kz жүйесінің мамандары Шымкент қаласының 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. «Joo Fest» деп аталатын жиында жастар тестілеуге қатысты сұрағын қойып, пікірлесті.

Биыл Joo.kz онлайн жүйесінде 7 мыңнан астам оқушы ҰБТ сынағына дайындалып жатыр. Өткен жылы курстан өткен 1000 талапкердің 992-сі мемлекеттік грант иегері болған. Дайындық сабағы JOO арнайы мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Жобаның негізін қалаған Қанат Өксікбаев бүгінге дейін онлайн жүйенің жетістіктерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Биыл ҰБТ жүйесінде болатын өзгерістер туралы Руслан Емелбаев айтып берді. Оның сөзінше, тест сынағын бір белес деп емес, білім деңгейін анықтайтын емтихан ретінде қарау керек.

—Қазір ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік бар. Тесттен өтуге ешкім оқушыны мәжбүрлемейді, өйткені сынақ нәтижесі мектептің білім деңгейі ретінде қаралмаған. Сонымен бірге, оқушы ҰБТ-ны өзі таңдаған жерде тапсыра алады. Мәселен, түлек Шымкенттегі мектепте білім алса да, қалауы бойынша өзге өңірге барып тест тапсыруға болады. Тағы бір айтарым, бірыңғай сынақтан өтуден қорықпау керек. Өмірдің қиындығы немесе оған бір белес ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. ҰБТ оқушының білім деңгейін анықтайтын емтихан. Егер бір жолы тапсыра алмаса, екінші рет бақ сынайтын мүмкіндігі бар,-деді Р. Емелбаев.

Кездесу барысында KazGUU, NARXOZ , Сүлеймен Демерел Университеті, Қыздар Педагогикалық университеті, Логистика және Транспорт академиясының өкілдері түлектерге мамандық таңдауға қатысты ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика