ҚАПШАҒАЙ ЕНДІ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚОНАЕВ ДЕП АТАЛАДЫ

Қапшағай қаласы енді ресми түрде Қонаев деп аталады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. «Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», — делінген Жарлық мәтінінде. Мемлекет басшысы 16-шы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында, бұл бастаманы көтерген еді. Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Л. Қуанышқызы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика