«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы “Өңірлік даму» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Референдум өткізу туралы бастамасы талқыланды. Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері — Референдум — қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екендігін жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері еліміздегі болып жатқан маңызды шараға бей-жай қарамай, белсенді болуға шақырды.
Leave a Reply