Бүгін, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы Шымкент жүрек орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде талқыланған мәселелер бойынша жүрек орталығының ұжымына Конституциялық Референдум туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтар болсақ 2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ел азаматтарына үндеу жолдады, онда мемлекеттің одан әрі дамуы мен мемлекеттік билікті жаңғырту жөніндегі өзінің пайымын көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде нақты мақсаттарды белгілеп қана қоймай, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған шараларды атап өтті, қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту бойынша жаңа, өршіл міндеттер қойды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, айтылған барлық бастамалар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Бірақ қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Конституциясының 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажет.
Ұсынылған өзгерістермен танысу қолданыстағы Конституция күшіне енген сәттен бастап оған алғаш рет Қазақстанның көптеген онжылдықтардағы дамуын нақты айқындайтын өзгерістер енгізіледі деп есептеуге мүмкіндік береді.
Мәселен, Мемлекет басшысының ел Парламентінің рөлін күшейту және суперпрезиденттік басқару формасынан кету туралы ұсынысы ерекше назар мен мақұлдауға лайық. Президенттің шамадан тыс өкілеттіктерінен бас тарту шын мәнінде елдегі саяси жаңғыртудың қайтымсыздығын қамтамасыз ететін маңызды фактор болатынына Президентпен келісу керек, өйткені ұсынылған бастамалар «ойын ережелерін» түбегейлі өзгертеді және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландырудың берік іргетасын қалыптастырады. Қойылған міндеттерге орай, Президенттің Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын құру жөніндегі бастамасын ерекше атап өткен жөн, бұл біздің әділ пікіріміз бойынша әділ және құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады.
Leave a Reply