ӨНДІРІС ҚУАТЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ҚР Мәжіліс депутаты Берік Оспанов Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймакта орналасқан «KazBioLife» ЖШС-нің жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен кездесті. «Kazbiolife» ЖШС-і республиканың оңтүстіктегі гофрокартон мен гофротараның ірі өндірушісі. Өндіріс қуаттылығы бүкіл оңтүстік аймақтың гофротарасына сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндігі бар.

«KazBioLife» зауыты тапсырыстардың саны мен көлеміне байланысты айына 5 000 000 м2 астам гофротарлар шығаруда. Бұл сандық жағынан да, сапалық жағынан да Қазақстандағы үздік көрсеткіштердің бірі. «KazBioLife» ЖШС-і оңтүстік аймақ аумағында өз арсеналында 3 және 5 қабатты гофрокартон шығару бойынша ретке келтірілген технологиясы бар жалғыз зауыт. «KazBioLife» зауыты — Қазақстан Республикасының аумағында D және E профильдегі (микрогофра) гофрокартонның жалғыз өндіруші.

Аталмыш ұжымының қызметкерлерімен кездесу барысында келесі проблемалық мәселелер талқыланды:
— «Оңтүстік» АЭА аумағында макулатурадан картон қағазын шығару жөніндегі 2-ші жобаны іске қосу үшін «Оңтүстік» АИО қосымша қаржыландыру алуға жәрдем көрсету. Қаржыландыруды алу сондай-ақ гофрокартон мен гофротара өндірісіне арналған технологиялық жабдықтың негізгі тораптары мен агрегаттарын өндірістің болашақта өсуін ескере отырып, неғұрлым заманауи және қуатты жабдыққа жаңғырту үшін қажет;
— Кәсіпорын арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқанына қарамастан, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің жоғары құнына назар аударуда.
Халық қалаулысы барлық аталған мәселелер міндетті түрде тиісті мемлекеттік органдарда қаралатын болатынын атап айтты.

Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Үкіметке халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, кәсіпорын басшылығымен кездесу барысында жалақы көлемін көтеру туралы мәселе қозғалып, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап барлық қызметкерлер жалақысын 15% — ға көтеру туралы уағдаластыққа келді. Мәжілісмен жиын соңында
«Kazbiolife» ЖШС-і ұжымына өңірдің және жалпы мемлекетіміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика