ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташқараев Шымкент қаласындағы № 8 спорт мектебі ұжымымен кездесті. Жиында алда келе жатқан референдум тақырыбы кеңінен талқыланды.
Депутаттың сөзінше, егер реформалар сәтті өтсе, халық ел басқаруға қатысады. Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттары сайланады, мәслихат депутаттарының келісімімен баламалы негізде облыс әкімдері тағайындалады.
Осынша өзгеріс елде демкоратиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принцип жүзеге асады. Яғни, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін бізге референдум қажет. Себебі бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкіл халықтық деңгейдегі міндет.
Leave a Reply