Соңғы қоңырау: Директор мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Директор мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынады. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте хабарлады.

Барлық мектепте соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта салтанатты түрде өткізіледі. «Алтын белгіге» аттестатты салтанатты түрде тапсыру 17 маусымда астаналық саябақтың амфитеатрында өткізу жоспарланып отыр, — деді ол.

Білім басқармасының басшысы соңғы қоңырау іс-шараларына мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер мен олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар және басқалар қатыса алатынын айтты.

Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, төлем жасау арқылы әртістерді, жеке студияларды тартуға тыйым салынады. Мерекелік үстелдерді ұйымдастыру, жалға берілетін автомобильдерді тарта отырып, қала бойынша көшпелі экскурсияларды өткізу, мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол берілмейді, — деп түсіндіріп өтті Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика