ЖАСТАРЫ САУАТТЫ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Бүгінгі таңда жастардың саяси сауаты күннен күнге артып келеді. Жастар ресурстық орталығында дәл осы жастармен республикалық референдумды өткізудің маңыздылығы мен оған әзірлік барысы туралы әңгіме болды.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы, Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Романова Наталья Сергеевна, қалалық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Вербицкий Игорь Владимирович арнайы қатысты.

Отырысқа қатысқан жастар референдум өткізу мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда конституциялық реформаның рөлін, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту сынды басқа да тақырыптарды талқылады.

#ReferendumAmanat

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика