«AMANAT” партиясы Қаратау аудандық филиалына қарасты “Ақниет” БПҰ төрағасы А.Ш.Орынбековтың ұйымдастыруымен Ақжайық мөлтекауданында орналасқан N59 жалпы орта білім беретін мектебінде кездесу өтті. Жиында Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Талғат Балтабай, Қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев және аталмыш БПҰ мүшелерімен кездесіп, жалпыұлттық референдум өткізу шараларына дейінгі ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде референдумда қаралатын мәселелер, Ата Заңда орын алатын өзгерістер жайында егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ұйымдастырушылар ұстаздардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, ел үшін айтулы кезең референдум өткізудің маңыздылығына тоқталып, қала тұрғындарын 5 маусым күні өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.
Leave a Reply