» жобасының үшінші кезеңінің ойындары тартысты өтіп жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жобаның бұл жолғы ойыны № 135 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залында өтті.
Мұнда қыздар арасындағы волейбол спорт түрінен 108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста 108 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды.
Сарвиноз Мирпайизиева, жеңімпаз команданың мүшесі: «Волейбол жарысына осымен 12- мәрте қатысып отырмыз. Барлық ойында үздік нәтижеге жетіп отырғанымыз жаттықтырушымыздың еңбегінде. Бүгінде қарсылас команданы жеңеміз деп, мықты дайындықпен келдік».
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Лига командалардын қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталды.
Leave a Reply