ЖОЛДАУ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІКТЕР МЕН МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова Еңбекші ауданының жастарымен кездесті. Кездесудің мақсаты — қаламыздағы жастардың түрлі бағыттағы мәселелері мен ұсыныс пікірлерін тыңдау.
Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін мәселелері және орта арнаулы оқу орнындағы бітіруші мамандық иелеріне мемлекеттік бағдарламалар, жеке кәсіпкерлік, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй және білім саласы төңірегінде мәліметтер айтылып, пікір алмасты.
Кездесу барысында басқарма басшысының орынбасары Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты. Оларды қоғамға бейімдеп, келешекте отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған үлес қосуға шақырды. Кездесу барысында Мөлдір Тұрсынбекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап беріп, сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика