ЕЛІМІЗДЕ ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ АЗАЯДЫ

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері арасында насихатталды.
Мемлекет басшысы жыл басынан бері екі мәрте, яғни наурыз және қыркүйек айында халыққа Жолдау жолдады. Алғашқы құжатта Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Референдум өткізіп, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды. Тіптен, өзгерісті өзінен бастады десек артық емес. Яғни, Президенттің туыстары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалмайтын болды. Ал, қыркүйектегі құжатта білім, медицина мен әлеуметтік салаға басымдық берілді.
Мемлекет басшысы «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек» дей келе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды, — деді Сұлтанғали Қуандық.
«Бір ғана құрысылыс саласында 2500-нан астам құжат толтырылады екен. Мемлекет басшысы осындай қажетті-қажетсіз қағазбастылық жемқорлыққа, сыбайластыққа жол ашатынын сынға алды. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді». Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты С.Қуандық тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширатып, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында да атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Кездесу қонақтары өзара пікір алмасты.
Жиналғандар шаһардың инфрақұрылымы күн санап дамып келе жатқанын сөз етті. Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.

«Яғни, табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетті.Қалған қамтылмаған елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді. Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр»-деп мақтана жеткізді.

«

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика