«Евразиялық халықтық майдан» құру туралы шешім қабылданды

Өткен аптада «Жалпы ресейлік Халықтық майдан» құрамына енген «Интернационалды Ресей» халықаралық қозғалысының сьезі өтті. Сьездің делегаттары  Владимир Путиннің Евразиялық одақ құру туралы идеясын қолдап Гаванадан Цхинвалға дейінгі аралықты қамтитын «Евразиялық халықтық майдан» құру туралы шешім қабылдады.

Арасында  финдік антифашистік  комитеттің басшысы Йохан Бекман бар  Финляндиядан келген қонақтар дағдарысқа байланысты елде дүрбелең басталғанын айтып өздерін Евразиялық Одаққа қабылдауларын өтінді. «Алда Евроодақпен  евроның жағдайының қандай болатынын ешкім білмейді, Путин бізді өз құрамына ала ма, мүмкін Евразиялық одақтан Финляндия үшін орын табылатын шығар» деген  сұрақты көлденең тартты.
Өтініш айтылғанда залдағылардың қол шапалақтауы финдіктерді одан әрі жігерлендірді. «Сіздер бір кезде Ресей империясының құрамында едіңіздер , біз сіздермен туыспыз»-деп жанашырлық танытқан  Татьяна Полоскова болды.
Финдіктерден қалыспаған  Оңтүстік  Осетияның өкілі Казимир Плиев: «Осетиндіктердің басты идеясы Ресеймен бірге болу, Ресейдің құрамында болу»  деп жалындады. Оңтүстік Осетияның халқы Ресейсіз болашағын елестете алмайды. Біз сіздердің жеңістеріңізге сенеміз, Ресей»! Жалынды сөздің қорытындысы осы.
Гаваналық Виолетта Щербина: «КСРО-ның құрдымға кету қайғысы латиноамерикадықтардың жүрегіне қаяу салды. Куба барлық уақытта КСРО-ның дәстүрлі серіктестігі еді. Біздің ел де  Евразиялық одақ құру идеясын жылы қабылдап отыр».
Бірақ шешендердің сөзінде нақтылық жетіспей жатты.Бұл олқылықтың орнын Кавказ және Орта Азия шекара әріптестігі  Қауымдастығының өкілі Михаил Чернов толықтырды: «Евразия одағы баста РФ-сы, Қазақстан, Белоруссия сынды үштіктен тұрды. Евразиялық идеологияның негізі осылай қаланған. Кейін бұл одаққа  Қырғызстан, Армения, Тәжікстан, Оңтүстік Осетия және Днестр жағалауы елдері кірді» деген ол одақ  тарихын шынайы баяндап берді. Түптеп келгенде бұл одақты құру идеясы алғаш қазақ сахарасынан қанат қаққан еді.{jcomments on}

http://kyzmet-gazeti.kz/


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика