ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ: КЕЗЕКТІ ӨТІНІМДЕР ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 -2 желтоқсан аралығында және 5 желтоқсан күні сағат 09-00-ден 19-00 аралығында жүргізіледі. Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 360 пәтер «Бозарық»шағынауданында орналасқан. Оның ішінде 1 бөлмелі пәтер саны — 90, 2 бөлмелі пәтер саны — 90, 3 бөлмелі пәтер саны — 180.
Қатысушыларға қойылатын басты талаптарды еске саламыз. Жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс, бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үйі тіркелмеуі керек, Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы сонымен қатар соңғы алты айдағы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.
Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
✅өтініш берушінің білімі туралы құжаттың көшірмесі;
✅жұмыс орнынан анықтама;
✅өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
✅Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);
✅банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді (депозиттік шот);
✅өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.
Құжат тапсыру немесе өңдеу кезеңінде азаматтар техникалық сұрақтар туындаған жағдайда кеzekte.kz cайтының телеграмм-парақшасына сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы өтіп (тек жұмыс уақытында) сұрақтарын қойып жауап ала алады.
Құрметті жастар, өздеріңіз бен өзгелердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында көрсетілген талаптарға мән берулеріңізді сұраймыз. Талаптарға сай келмесе де өтінім жолдау өзге жастардың құжаттарының қаралым уақытын созуға әкеледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика