ДОСТЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкенттегі Қаратау ауданына қарасты Достық шағынауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы биыл, жаз айларында басталған. Осы кезге дейін 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды.
Одан бөлек тұрғындардың сұранысы бойынша жобада қарастырылмаған көшелерге де қосымша әр 3 үйдің тұсынан электр бағаналары орнатылуда.
Қазіргі уақытта құрылысы аяқталған аумақтардағы тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 365 үй сапалы электр қуатын тұтынып отыр.
Жалпы Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы желтоқсанның 10-на дейін толық аяқталады.
Айта кететін жайт, мердігер мекеме электр желісін тұрғындар есігінің алдына дейін жеткізіп бері. Оны ары қарай үйге қосып, жалғап алу әр тұрғынның өз есебінен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» пен «Энергопоток» мекемелері абоненттеу жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыс толықтай аяқталғанда, Достықтағы 2686 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Сонда тариф құны да арзандайды. Тұрғындар бүгінгі күнге дейін электр қуатын тұтынғаны үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасап келсе, бұдан былай 17,9 теңге төлейтін болады.
Айта кетейік, Шымкенттегі 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында ағымдағы жылы барлығы 14 нысанда ішкі жүйелердің және 2 қосалқы электр тарату бекетінің құрылысы жүргізілді. Соның ішінде, электр қуаты сапасыз 8 елді мекенге сапалы электр қуатын жеткізу жұмысы қарқын алған. Қазіргі уақытта, Сәуле-276, Жаңаталап, Нұртас елді мекенінде құрылыс жұмысы толық аяқталды.
Сонымен қатар, Достық, Тұран, Солтүстік саяжай елді мекендерінде құрылысы аяқталған аумақтарында абоненттеу жұмысы қатар жүруде. 2022 жылдың қорытындысымен, жоғарыда аталған 6 елді мекендегі 43 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алатын болады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан 98%-ға жетеді. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ және Батыс елді мекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2023 жылы толығымен аяқталады. Ал, Асар-2 (2-кезек) құрылысы да келер жылға өтпелі. Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласындағы барлық елді-мекендер 2023 жылы 100% сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика