АБАЙ АУДАНЫНДА 20 ҮЙГЕ ГАЗ БАҚЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Абай ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасылар көптеп орналасқан. Басым бөлігі жеке секторларда өмір сүреді. Тіпті кейбірінің көгілдір отынға арналған арнайы пеші де жоқ. Сондықтан болар, жауаптылар олардың жағдайын назардан тыс қалдырған емес.
Тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі мен газбен улану жағдайларын тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен демеушілер арасында меморандумдар жасалып, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне улы газды анықтайтын газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, әлеуметтік жағдайы төмен 16 отбасының үйіне аталған датчиктер орнатылды,- деді Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Эльдар Паттахов БАҚ өкілдеріне берген брифинг барысында.
Сонымен қатар, қазан, қараша айларында «Улы газдан сақ болыңыз!» және «Әр үйге қауіпсіздік» акциясы ұйымдастырылып, аудан аумағындағы 4 125 тұрғын үйді аралап, 10 237 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дауыс зорайтқыш арнай техниканың көмегімен, бекітілген кестеге сәйкес, улы газдан сақтау бойынша дайындалған аудиороликтің көмегімен 86 рет көшелерді аралады.
Өртке қарсы мәдениетін арттыру үшін 5 524 адамды қамтыған 58 жиын ұйымдастырылды және оқу орындарында 3215 оқушы мен оқытушыны қамти отырып 19 интерактивті сабақ өткізілді.
Бұдан бөлек, улы газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ЛЭД-экрандарда және адамдар көп жиналатын орындарда, сауда орындарында әлеуметтік роликтер жүйелі түрде көрсетіліп тұрады.
Газоанализаторлар күкірт және көмір қышқылының концетрациясын, кептіру, пісіру камераларында газды ортадағы құрамын бақылау, ағынды газдардың анализдерінің әртүрлі жанармайларды жағу үшін кеңінен қолданылады. Сонымен бірге өндірісте және бөлмелерде газдың жиналған кезде өрт — жарылысын болдырмау, қоршаған ортаны қорғау — күкірт сутегі, күкірт диоксиді SO2, көмір оксиді CO, көмір диоксиді CO2 шекті мән концентрациясын бақылауға қолданылады.
Газ қоспаларын және газ құрамындарының көптігінен газоанализа-торлардың номенклатурасы өте көп. Оларға қойылатын талаптар: дәлдігі және өлшеу сезімталдығы жоғары болу.

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері  тұрғындармен жиі жиын өткізіп, газдан уланудан сақтану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.  Нәтижесінде 130 000 жуық тұрғын қауіпсіздік нұсқауымен қамтылған. Сондай-ақ, үй-үйді аралап жадынамалар таратқан. Өткізілетін іс-шаралар барысында көп балалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға ерекше көңіл бөлінген. Ал, әлеуметтік осал отбасыларға 1200-ге жуық улы газ анықтайтын датчиктер орнатылыпты.

«Азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, еріктілермен бірлескен рейдтер жүргізуде. Үй иелеріне жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері түсіндіріп жатыр. Тұрғындар назар аудармайтын пештегі кішкентай жарықшақ үлкен қауіп төндіреді» — дейді Шымкент қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Эльмира Ережепова.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика