ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАҒЫТЫНДА ДА НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Корейлер Қауымдастығының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында Корея Республикасы мен Шымкент қаласы арасындағы өзара ынтымақтастық, мәдени және этносаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда үшінші мегаполисте 6618 корей тұрады. Екі елдің дипломатиялық қатынастары нәтижесінде Шымкент пен Корея арасындағы тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Былтыр тауар айналым көрсеткіші 45466,18 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 188% — ға жоғары. Қазір елімізде Samsung, Hyundai, Lotte, Posco, KNOC және басқа да жетекші корпорацияларды қоса алғанда, корей капиталы бар 550-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Алдағы уақытта қос тарап сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды күшейтуге уағдаласты. 1939 жылғы депортация салдарынан Қазақстанға 96453 корей күштеп көшірілген. Жолдан әбден қажып, қалжыраған корей ұлтын қазақтар болмысына сай құшағын айқара ашып, емін-жарқын көңіл күймен қарсы алды. Қаншама қайғы-қасірет пен қуғын-сүргінді басынан өткерген қазақ халқы тағдырлас корей халқының жан батпанын тереңінен түсініп, бауырына басты. Сол уақыттан бері корейлерден бірнеше ұрпақ тарады, бүгінде олар осыншама ыстық ықылас пен аса мейірбандылық танытқан қазақ жұртының, қазақ елі мен жеріне адал қызмет етіп жүрген, кез келген салада өзіндік үлесі бар ел азаматтары болып отыр. Олардың ұрпақтары бүгінде Қазақстанды өз Отаны санайды. Саны аз болғанымен (халықтың 1%-нен аз) корейлер ұлт ретіндегі болмыс-бітімін ғана сақтап қалмай, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы өздерінің ұлт ретіндегі ерекшеліктерін өз елінен жырақта насихаттап жүрген бірегей ұлттардың санатында. Жалпы, корей ұлты өзінің тарихи отанында-ақ егін шаруашылығымен айналысқан. Олар көбінесе күріш, арпа, тары, бұршақ дақылдарын, бау-бақша мен көкөніс егеді. Жібек құртын өсіреді. Қыш-құмыра жасау, балташылық, тоқымашылық, тұрмысқа қажетті бұйымдарды қамыстан, сабаннан жасап пайдаланады. Бүгінде Қазақстанда тұратын корей ұлты өзінің еңбексүйгіштігімен, тиянықтылығымен, білімқорлығымен ерекшеленеді. Қазақстанда тұратын коре сарам корейлерінің ұлттық киімі көбінесе ақ матадан тігіледі. Ерлер кең балақ шалбар, күртеше, халат киеді. Мереке күндері қыз балалар қызыл түсті юбка және ашық қызыл түсті кофта киеді. Балалар киімдері де пішілуі мен тігілуі жағынан үлкендердің киімдерінен көп өзгешелігі болмайды.

Қызмет (2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика