Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жүргізіліп жатқан білім ошақтарының құрылысымен танысты. Алдымен М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп-гимназиясының қосымша корпусының құрылысын тексерді. Заманауи талапқа сай бой көтеріп келе жатқан ғимарат мыңнан аса оқушыға арналған. Жобаға сай мұнда 250 орындық АКТ залы, спортзал, кітапхана және 320 орындық асхана қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылысы екі жыл бұрын басталған нысанды жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беруді тапсырды. Сондай-ақ қала әкімі жауаптылармен бірге № 45 мектеп-гимназиясының 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысын да қадағалады. Ғимаратта оқу сыныптарынан бөлек, жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қамтылған. Құрылыс алаңдарын аралаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, барлық нысандарды өндірістік кестеге сай қыркүйекке дейін қолданысқа беруді тапсырды. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында елімізде 8 млн астам адам дүниеге келіпті. Бұл халықтың 50%-ға жуығы екенін ескерсек, жаңа буын өсіп келеді. Ал, қалыптасып келе жатқан жаңа буынның білім жолындағы болашағы қандай болмақ? Осы уақытқа дейін білім беру жүйесіне жауапты тұлғалар қандай іс атқарды? Неден ұттық, қай тұста қателестік?
Тәуелсіздік жылдарында «Білім туралы» үш заң қабылданыпты. 1992, 1999 және 2007 жылдары білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық стандарттық классификациясына сәйкестендіріліпті.
Бүгінде елімізде 9297 мектепке дейінгі ұйым бар. 5-6 жасар бүлдіршіндер 1999 жылдан бастап мектеп алды дайындығына барады. Ал 2006 жылдан бастап шағын орталықтар қызмет етеді. Мемлекеттік тілде оқытатын ұйымдар саны 1748-ден 5709-ға дейін артты. «Балапан» бағдарламасының арқасында 2010 жылдан бастап 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 2,5 есеге өссе, балалар контингенті 124,8 мыңнан 817,8 мыңға көбейді. Тәуелсіздік жылдары мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесіне 100 млрд-тан астам жекеменшік инвестиция құйылды. Алдағы 3 жылда 133 мың орынға ұлғайтуды көздеп отырмыз. Жаңа санитарлық ережелер жасалып, балабақша қызметінің шарттары жеңілдетілді
Қызмет (1884)
Leave a Reply