АРХИВТЕГІ ҚҰЖАТТАР  ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ АУЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар.  Аталған құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған. Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген. Айта кетейік, Мекеме жыл басынан бері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты 1702 сұранысты орындаған. Архив қызметкерлерінің негізгі жұмысы: архивтік анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру, мекемелердің ведомоствалық архивтерінен құжат қабылдау, есепке алу, тігіп-түптеу, шифровкалау, жыртылған, мәтіні өшкен парақтарды қайта қалпына келтіру, сұрыптап, маңызы жоғын жою, іс номенклатурасын құрастыру, жазба қағазын жазу, ғылыми-техникалық өңдеу, құжаттарды шаң-тозаңнан тазарту, мекемелер мен ұйымдарға архив ісі жөнінде әдістемелік қызмет көрсету бұл архивистердің күнделікті көзге көрінбейтін қызметі. Мұндағы 34000-нан астам құнды құжат әлеуметтік-құқықтық сипаттағы азаматтардың өтінішін қанағаттандыру үшін кеңінен пайдаланылады. Адамдарға туу туралы куәлік, мектепте білім алғаны туралы куәлік пен аттестат, еңбек өтілі, еңбек ақысы, марапаттау жөнінде, ауыл мен көше атауларының өзгеруіне байланысты анықтамалар беріледі. Сонымен бірге архивистер аудандық деңгейдегі айшықты оқиғаларға байланысты фотоқұжаттық көрмелер дайындайды, оқушылармен экскурсиялар ұйымдастырады, ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізеді және архив құжаттарынан мақалалар жазады.

Қызмет (1970)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика