ДУЭТТІ ӘНШІЛЕР ҒАНА ЕМЕС ПЕДАГОГТАР ДА ЖАСАЙ АЛАДЫ

Жас педагогтерге қолдау мақсатында жүзеге асырып отырған «Педагогикалық дуэт» жобасы наурыз айында бастау алды. Жобаның тұсауы Шымкент қалалық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» бірлесіп ұйымдастырған «Lesson study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім» тақырыбында онлайн республикалық семинарында кесілді.

Семинарда «Lesson study» әдісі бойынша офлайн жіне онлайн форматта білікті мамандар құнды баяндамалар жасады.

«Lesson study» әдісі дегеніміз не?

Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Шымкентте өткен семинарда жас педагогтердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу, білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған өзін-өзі дамыту, тәлімгерлік негізінде мұғалімдердің өсуінің тиімді моделін дайындау және тарату, сабақты зерттеу технологиясын білім беру саласындағыкедергілер мен кемшіліктерді анықтау арқылы оқыту мен оқуды жақсарту жолындағы жұмыстарды жетілдіру жолдары ортаға салынды. Қатысушылар №86 жалпыға ортақ білім беру мекемесіне барып тәжірибе мен теория ұштасуына куә болды,сабақтарға қатысып, SWOD талқылаулар жасады.

Мұғалім біліктілігін арттыруды тәлімгерлердің орны ерекше. Бұл жолы тәжірибе мен теория дуэтінен басқа, тәлмгермен мен жас ұстаздың дуэті шебер ұштасты. Дуэтті әншілер ғана емес, педогогтар да жасай алады екен.

Қызмет (1600)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика