ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ ЖОҒАРЫ ЛИГА БОЙЫНША ВОЛЕЙБОЛДАН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

Қазақстан Республикасының ХХХІ-шіЧЕМПИОНАТЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ.

Бір апта бойы еліміздің батысында өткен дүбірлі жарыста “Шымкент “ойын түрлерінен спорт клубы” КММ-нің “Шымкент”командасы да қатысып, қорытынды ойында жеңіске жетіп ел чемпионы атанды. II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізсе, ІІІ -орынға алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы жайғасты.

Орал қаласында мәреге жеткен шешуші ойында “Шымкент”командасы мен Тараз қаласының “Тараз”командасы өзара шеберлік байқасты. Екі команданың ойыншылары да ойынға  барын салды.Әйтседе Шымқаланың волейболшы арулары ойын барысында айқын басымдық көрсетті. Қос қапталдан шабуылға шыққан Калинова Евгения мен Аяпова Саиданың соққылары әрдайым алаңның ортасынан табылып жатты. Ал, екінші аймақтан шабуылдаған Береснева Радмиланың жойқын соққыларын қорғаушылар қайтара алмады. Қорғаныста әр допқа қырағылық танытқан Қалдыбекова Құндызай мен Ағынаева Балжан алынған ұпайларды еселеген үстіне еселепкоманданы жеңіске жетеледі. Осылай үш кезең бойы тартысты өткен бәсекеде табандылықпен айқын басымдық танытқан “Шымкент”командасы күмәнсіз айқын жеңіске жетті.

Бұл клуб тарихында волейболшы қыздарымыздың жоғары лига бәсекелерінде 2-ші рет чемпиондық тұғырдан  көрінуі. Спортшылардың ендігі алға қойған мақсаты Ұлттық лигада үшінші мегаполистің намысын лайықты қорғап, намысты қолдан бермеу. Бұл ретте, білікті маман команданың бас бапкері Әбдіқапбар Дидар туралы да айта кетуіміз керек. Дидардың команданың екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көрінуіне сіңірген ерен еңбегі бар.

Тартысты өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша, әр команданың жаттықтырушылары, команда капитандары және ресми өкілдердің дауыс беру нәтижесінде бес номинация бойынша үздіктер анықталды. Бес номинацияның төрт номиациясы бойынша “Шымкент”командасының ойыншылары үздік- деп танылды.

“Үздік байланыстырушы”- Антонова Анна,“Үздік қорғаушы” Рылова Валерия,”Үздік шабуылшы “ — Калинова Евгения деп танылды. ”Ең үздік ойыншы” номинациясын Тұрғанбек Асылзат иемденді.

Команданы жеңістің биік тұғырына алып шыққан Нұрсұлтан Жанжігітов басқаратын “Шымкент ойын түрлерінен спорт клубының” ұжымын Жеңістерміен құттықтаймыз!

Алтын медель құтты болсын, волейбол сүйер қауым!

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика