ЖАЙЛЫ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ҚАНДАЙ ТЕТІКТЕРІ БАР?

 

Бүгін Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалық етті. Бүгінде пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Мегаполисте биыл соның ішінде 12 мектептің құрылысы  басталып кетпекші. Білім мекемелерінің құрылысы 17 300 орынға арналған.

Алдағы жылдары 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға беріледі деген болжам бар.

Бүгін өткен тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда жоспарланған нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылысы басталатын мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді міндеттеді.

 

“Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің  көшелерін жарықтандыруды жәнебейнебақылау жүйелерімен қамтуды тиянақтыұйымдастыруды қолға алыңыздар. Мектепке қатынайтынқосымша маршруттар бекіту мәселесі назардан тыс қалмау керек. Білім ғимараттары түгелдей  жылдам интернетпенқамтылуы тиіс” — деді қала әкімі.

Жиынға қатысушылар халықтың демографиялық өсудинамикасын ескеріп, алдағы уақытта білімғимараттарының орындарын Бас жоспарға сәйкес белгілепалу қажеттігін де талқыға салды.  Қала басы  тиісті басқарма басшыларына  құрылыс барысындағы өзектімәселелерді бірлесе, дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Жайлы мектеп, ол қандай мектеп?

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы алдымен Мемлекет басшысы халыққа арналған кезекті  Жолдауында айтқан болатын. Осыдан кейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып міндет, мақсаттары белгіленіп бекітілді.

«Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» делінген болатын Жолдауда.

Қазір «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы жүзеге асуда. Әзірге сотталған жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы  қаншалықты жұмсалып жатыр, бұл туралы ақпарат жоқ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика