Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған болатын. Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.
Жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау.
Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеген сәйкес спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.
Бүгін Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынан қыздар арасында тартысты ойын өтті. Атап айтқанда:
Әл-Фарби ауданы бойынша: ⤵️
- [А-тобы] — №47 мектепте — №17 және №47, № 9 және №11
- [В-тобы] — №18 мектепте — №8 және №18, №14 және №35
- [С-тобы] — №64 мектепте — №76 және №75, №6 және №76
- [Д-тобы] — № 62 мектепте — №1 және №62, №20 және №7
Абай ауданы бойынша: ⤵️
- [А-тобы] — №86 мектепте — №5 мен №81, №87 мен №50
- [В-тобы] — №133 мектепте — №78 және №3, №122 және №26
- [С-тобы] — №137 мектепте — № 66 және №95, №95 және №137
- [Д-тобы] — №23 мектепте — №136 және №56, №125 және №60
Қызмет ақпарат
(1880)
Leave a Reply