ПАРАСАТТЫ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

2023 жылы 14 сәуір күні Шымкент қаласы қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледж базасында  «Парасатты ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты ««Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту, кеңінен насихаттау, білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу болды. Ойында ОҚМПУ-нің «Болашақ» пікірсайыс клубының мүшелері төрелік жасады.     Қазақстан тәуелсіздігін ал­ған күннен бастап мемле­кет­тік сая­саттың басым ба­ғыт­­тарының бірі – ұлт­тық қауіпсіздікке нұқсан кел­ті­ретін және елдің дамуын тежейтін әлеуметтік дерт ретінде сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл. Бүгінде осы қауіпті, келеңсіз құ­былыспен күрестің алдыңғы ше­біне бүкіл қоғамның күш-жігерін бі­ріктіру арқылы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ымырасыз іс-қимыл жүзеге асырылуда. Бұл жерде үлкен үміт жас ұрпаққа жүктеледі. Нақ осы жастар сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құру­ға және мемлекетіміздің өркенде­уін қамтамасыз етуге қабілетті аға ұр­пақтың мұрагерлері болуы тиіс. Жас қазақстандықтардың алдында кәсіби өсу мен өз күш-жіге­рін ашуға үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда бірінші кезекте, қазіргі заманғы жастардың жеке басының берік адамгершілік негіздері, аза­маттық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құ­лықтың орнықты дағдылары болуы тиіс. Бұл қасиеттер болмаса, бәсекеге қабілетті және дамыған мем­лекет құру оңай болмайды.

Барлығы 14 фракция қатысып, 28 спикер ойын алаңында бақтарын сынады.

Турнир нәтижесі келесідей:

I орын — «Болашақ» фракциясы — 30 мың, (“Болашақ” жоғары колледжі);

II орын — «Заман біздікі» фракциясы — 20 мың, (“Отырар”колледжі);

III орын — «Қозғалыс» фракциясы -10 мың, (Политехникалық колледжі)

III орын — «Зиялы қазақ» — фракциясы  — 10 мың, (“Медицина”колледжі)

«Ең үздік жетекші» номинациясымен -Анарбай Дияна; «Ең үздік спикер» номинациясымен «Зиялы қазақ» фракциясының лидері Адас (5 мың) марапатталды.

Тартысты  алаңда тапқырлығымен ерекшеленген басқа да фракциялар алғыс хаттармен бірге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Қызмет ақпарат

(1959)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика