РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРА

Салт-дәстүр орталығында «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының қызмет алушыларына қайырымдылық іс-шара өтті. Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты өйткені, еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымызбен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау халқымызға тән асыл қасиетіміз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Қыран жемін шашып жейді, құзғын жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген.

Орталықтың ғылыми қызметкері Ләззат Кәдірбекқызы ұлттық салт-дәстүрімізді таныстыру кезінде алаша, киіз, текеметтің жасалуы мен қазақтың көне жыл қайыруының шығу тарихына шолу жасады.

Экскурсия барысында  қызмет алушы Байсейітов Жансейіт есімді азамат тұрмыстық бұйымдардан күбі, келсап, диірменнің тарихы, оны ата-әжелерінен көргенімен бөлісті.

Осы топтан өнерге жақын Малика Құралқызы өзінің «Ана», Бақыт»  өлеңдерін оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Мекеме басшысы Бахтияр Әбілұлы да оларға зор денсаулық тілеп, өнер көрсеткендерге «Дәстүрім – алтын қазынам», «Ұлттық киімдер» атты орталықтың төл туындыларын естелікке ұсынды.

Қолдау орталығының ақсақалы Рамазан айының жұмасына арнап Құран бағыштап, мекеме басшылығына алғыс айтты. Орталықтың алдағы қызметіне табыс тіледі.

Шара соңында ұлт құндылығынан жинақталған «Сарқылмас қазына» атты бейне роликті тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Қызмет ақпарат

(1886)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика