«Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы Шымкентте!

Туризм адам мен қоршаған орта арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Алайда мемлекеттегі жаңа нарықтық жағдай ішкі туризмді дамытудың проблемаларын, әсіресе әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестік жағдайын үлкейтті. Туризм адаммен жасалған мәдениет орындарына сүйенеді. Яғни тек табиғи ресурстарды ғана емес, мәдени және мәдени мұра ресурстарын пайдаланады.  Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдылықтарын ескере отырып  «Төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы Төртінші тоқсан «Туған өлкем» фестивалі аясында білім алушыларды Шымкент қаласының тарихы мен мәдени мұрасын оқып-білу және қаланың көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында  2023 жылдың 14-сәуір күні Шымкент қаласындағы «ҚЫЛУЕТ» ЭТНОМУЗЕЙІНЕ танымдық экскурсия жасады.

Жалпы Оңтүстік өңірі тарихи құндылықтары мен сырға толы құпиясымен танымал. Тұнып тұрған тарихты өскелең ұрпақ пен өзге елдерге насихаттай отырып, жандандыру, атадан қалған мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу үлкен міндет екені сөзсіз. Сол міндетті орындауда Қазақстан Республикасының Суретшілер мен Дизайнерлер Одағының мүшесі, Халықаралық Психология Ғылымдары Академиясының Құрметті Академигі Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлы.

Кендебай Қарабдалов қазіргі таңда Шымкент қаласындағы өзі негізін қалаған Этномузей Қылуетте, шет елден келген саяхатшылар мен музейді тамашалауға келгендерге халқымыздың көне аспаптары мен қолөнерін көрсетуден шаршамайды. Өз білгенін өзгеге үйретуден шаршамайтын Кендебай  Әпжапбарұлы әрдайым өскелең ұрпақты музейге шақырудан жалықпайды. Сондағы мақсат жастар өз тарихын біліп,қазақтың қолөнерін жетік меңгерсе екен дейді. Ал, біз осындай қадірлі мамандық иесінің жүріп өткен жолдарын жазып тауыса алмаспыз. Ертеңгі ұрпаққа мұра болар іс жасап, халықтың бірлігін арттырып, мемлекет тұтастығын сақтап жүрген азаматтың алдағы қызметіне сәттіліктер тілейміз.

Қызмет ақпарат

(1951)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика