Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы №13 колледжіне «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» деп аталатын ескерткіш орнатылды. Сәулеттік мүсіндер кәсіптік мамандық игеру үшін білім ұясына кетіп бара жатқан ұл мен қыздың бейнесі бедерленген.
Ескерткіштің ашылуына аудан әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы, аудан әкімінің орныбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы, аудандық білім бөлім басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы, №13 колледж директоры Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы, №13 колледждің ардагер ұстазы Икрамов Сламуддин қатысты.
– Идея авторларының айтуынша, ескерткішті орнатуда екі мақсат көзделген. Біріншісі – жастарды патриоттыққа тәрбиелеу болса, екіншісі – дамыған өндіріске еркін қалыптасатын кәсіби маман иелерін даярлау болып табылады,- дейді олар.
Ең бастысы, мұндай мәдени ескерткіштер жасөспірімдерді білім алуға талпындырып, ел-жерін сүюге ықпал етеді. Мүсінді жасауға екі айдай уақыт кетті. Дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін мемлекетіміздің интеллектуалдық әлеуеті мықты болуы керек. Сондай-ақ, ел экономикасының дамуына үлкен серпін беретіндер — жұмысшы мамандар. Сондықтан, білімге құштар әрбір жасты қолдап, қуаттау мемлекеттің баянды болашағына бастар жол деді ескерткіштің ашылуына қатысқандар.
Leave a Reply