Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес ақын жанды мұғалімдер арасында мүшайра өтті. Яғни ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні №14 жоғары орта мектеп базасында бүгінде дәстүрлі түрде, үшінші рет шығармашыл, ақын мұғалімдер арасында «Жарқ ете қалсам, найзағай болып…» атты ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдебиетке, поэзияға сүйіспеншілігін ояту, шығармашылыққа бейім мұғалімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға 25 үміткер қатысты.
Мүшәйраның бірінші кезеңіде тақырыпқа сай дайындалған өлеңдер оқылды. Ал, екінші кезеңде мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін сынау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған тақырыптар бойынша өлшеулі уақытта өлең шығару тапсырмасы берілді. Мүшәйраға қатысушылардың жұмысын ереже негізінде белгіленген критерийлермен кәсіби тұрғыда қаламызға белгілі ақиық ақындар әділ бағалады.
Поэзия — ең көркем прозаның сапалық ерекшелігін анықтайтын басты белгілердің бірі екені талас туғызбайды. Осы орайда қатысушылардың дода барысында жүрегінен шыққан сөздерінен өрбіген өлең шумақтары туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана — сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызуға ықпал етуді көздегендеріне куә болдық.
Жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» №72 мектептің мұғалімі Е.Ділдәбек жеңіп алды. Іорынды №80 ІТ лицей мұғалімі Қ.Боранбай, ІІ орынды №21 мектеп мұғалімі А.Көпбосын мен №90 мектептің мұғалімі С.Айдарбекова алды. ІІІ орынды №137 мектептің мұғалімі Ж.Колхозов, №1 мектептің мұғалімі А.Абдулхаева мен №135 мектеп мұғалімі Б.Әнуарбекұлы қанжығаларына байлады.
Қалалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегерлеріне Әдістемелік орталық тарапынан жүлделі дипломдар мен номинациялар және белсенді қатысқаны үшін орталық директоры, ф.ғ.к. Меруерт Медетбекованың «Алғыс хаттары» табысталды.
Leave a Reply