Қаратау ауданының əкімі А. Әліқұлов Қайнарбұлақ саяжайы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, «Асар-2» жəне «Достық» шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аталған елдімекендерді электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары талқыланды.
Ауданда электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша 37 169 үй қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансында болса, 10 033 үй жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда. Бүгінде Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Азат, «Асар-2», «Қайтпас» шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Таскен тұрғын алабы мен «Қайтпас» шағынауданының ескі электр жүйелері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылуда.Сонымен қатар, «Асар-2» (2 кезек), «Бозарық-2» шағынауданы, Достық тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжат жасалған.
Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабында «Береке» мекемесі тарапынан әзірленген жобаға сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы атқару мақсатында құжаттары әзірленуде. Құжаттары дайын болуына орай құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Leave a Reply