Биыл Абай ауданының инфрақұрылымына және кәсіпкерлік бағытын дамытуға 29,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баяндады.
Аудан әкімінің айтуынша, бюджеттік қаржының көлемі – 25,2 млрд теңгені құраса, жеке инвестиция көлемі – 4,1 млрд теңгені құраған. 2021 жылы 12 млрд теңгеге жеке инвестиция тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда 17 мыңнан аса салық төлеуші бар екенін мәлімдеді.
Бұл жылы олардан келіп түсетін түсімдердің өсу қарқыны байқалады. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 133 % құрап, 3,2 млрд теңгеге артығымен орындалған.
Айта кету керек, Шымкент қаласының жаңа статусқа ие болуына байланысты жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары есебінен түсімдердің өсу қарқыны 235% құрап,138 млн теңгеге артқан.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Leave a Reply