Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Шымкент қаласында  күннің ысып кетуіне байланысты өрт қауіптілігі шкласы көтерілді. Осы кезеңде табиғатта кез-келген отты жағу өрттің тез таралуына және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Шымкент қаласы ТЖ департаменті жазғы өрт қауіпті кезеңде табиғатта от жағуға, оның ішінде — алауа жағуға, мангалда кәуап дайындауға, қоқыстарды жағуға тыйым салынатынын азаматтарға ескертеді. 

Жоғары температура мен жауын-шашын болмаған жағдайда кез келген, тіпті шамалы жану табиғатқа ғана емес, сондай-ақ азаматтардың материалдық құндылықтарына да зиян келтіруі мүмкін.

Биылғы жылы қала аумағында жазғы өрт қауіпті кезеңде құрғақ шөптің 200-ден астам жануы тіркелді. Жанып жатқан қураған шөптен өрт шаруа қожалықтарының егіс алқабына өткен екі жағдай тіркелді. Табиғи өрттің басым бөлігі-бұл отты абайсыз қолдану.

Өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу ҚР заңнамасына сәйкес жазаланатынын еске саламыз: ҚР ӘҚБтК 410 – бабының 3 – бөлігіне сәйкес азаматтардың құқыққа қарсы әрекеттері жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.  

Н.Бостанбек

Азаматтық қорғау аға лейтенантыЕңбекші ауданы ТЖ бөлімінің инженері

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика