КӨЛІГІҢІЗДІ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗ!

Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.

Өрт сөндірушілердің байқауы бойынша кей күндерде шетел көліктері ерекше жиі жанады. Кейбіреулер олардың біздің жолдарға икемделмегендігін кінәлайды (отын және электр жүйесі босайды), кейбіреулер отынның октан санын көбейтетін әр түрлі қоспаларды кінәлайды. Тағы бір түсіндірме бар — әдейі өртеу.

Көліктегі синтетикалық материалдар анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан кем емес отыруға болады – бұл орташа мәліметтер.

Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Айтпақшы, жүру кезінде өрт нақ капоттың астынан басталады, бірақ темекі қалдығынан отырғыштардың жану оқиғалары белгілі. 

Отты өрт сөндіргіштің газ немесе көбік ағысын жану ошағына және өрттің барлық алаңы бойынша бағыттап сөндіру керек. Тағы бір әдіс – біртіндеп кеңістікті ала отырып, оттың фронтын басу. Әрине, бірнеше өрт сөндіргішті қолданған тиімді, сонымен қатар кәдімгі өрт сөндіру құралдарының комбинациясы: құм, брезент, қар, су және т.б. Яғни мүмкіндік болса, өртті құю керек – сөндіру қарқындылығы өте маңызды. Осы уақытта өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпаңыз – қолдарыңыз бензинде, киіміңіз оның буымен иісі сіңген болуы мүмкін. 
Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады. 
         

Гаражға мынандай шек қойылады:

— күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;   
 — гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;   
 — қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;   
 — бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;   
 — пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйымсалынады.

Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті — өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек. 
Соңында тағы бір ескерту. Жол қозғалысы ережелерінде сөндірілген қозғалтқышпен ғана жанармай құюға болатыны ескертілмеген, бірақ бұл ережені әр жүргізуші біледі: тәжірибелі нұсқаушы жүргізуші куәлігін алудың алдында бір аппаратта бензин мен электрсымның қосылуы өте қауіпті екенін түсіндіруді ұмытпайды.

Н.Ерғали

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ТЖБ инженері, а.қ капитаны 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика