Балуандық, мергендік, қылыштасу, саятшылық, асауды тізгіндеу қазақтың қанында бар спорт түрлері. Онсыз көшпенді халықтар қатаң өмір заңдылығында бәсекеге қабілетсіз болар еді. Қазақтың жамбасына оң келетін спорттың бірі – семсерлесу алғашқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына еніп, даму жолын тапты. Бірақ қазақ даласында батырлықтың бір белгісі болған семсерлесу спорты 1939 жылы қайта жаңғыруды бастады. Бұл спорт түрін меңгерген жаңақорғандықтар шықты. Айтулы бәсекелерде топ жарып, спорт шебері атанған спортшылармен мақтана аламыз. Алайда семсерлесу спорты сол саңлақтармен бірге дәурені аяқталды. Спорттың қыр-сырын меңгерген ел спортшылары алдымен Азия, одан кейін Әлем чемпионатында өнер көрсете бастады. Бұл спорттың ережесі де қатаңдау. Сайысу мерзімі алты минуттан аспайды. Сайысшының дайын тұруы, кеудеше, қарсы шабуыл және өзге де ережелері бар. Ең бастысы, қарсыласынан бұрын қылышын ерте сермеген ғана жеңіске жете алады. Бұл спорт түрі адамның ептігін шыңдап және жылдамдылығын арттырады. Тез шешім қабылдау қасиетін дамытады. Семсерлесудің де жекелей және командалық сындары болады. Ал қазір бұл көпшілік қызыға тамашалайтын керемет спорт түріне айналды. Олимпиада ойындарының бағдарламасы енген. Стамбул қаласында Семсерлесуден әлем кубогы өтті. Жерлестеріміз алтыннан алқа тағып, тарихты жаңғыртты. Қазақстан құрамасы 1/8 финалда әлем рейтингісінде екінші орында тұрған Италия елін тізе бүктірсе, ширек финалда Аргентина елін жеңді. Ал, жартылай финалда Испания елінің семсерлесушілерін ойсырата ұтып, финалда Нидерланды еліне мүмкіндік бермеді. Құрамада Шымкент қаласының екі бірдей семсерлесушісі өнер көрсетті. Олар:
Алимжанов Эльмир
Сертай Ерлік
Қазір спортшылар Париж қаласында өтетін Олимпиадаға қызу дайындық үстінде.
Қызмет ақпарат
1567 символ
Leave a Reply