Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары аясында 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген. 32 мектеп Шымкент қаласынан салынады деген жоспар бар.
«Жайлы мектеп» жобасының негізгі міндеті – балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейлерінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылдан бері 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ 1436 мектеп жаңғыртылды. Бұл Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың ел бойынша берген есебі.
Ал Шымкентте соңғы екі жылда жеке инвесторлар жан басына қаржыландыру есебінен 50 мектеп салды. Яғни 21 300 орынмен толықты. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы шешілмек. Сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі деген жоспар бар.
Айта өтейік, биыл 2022-2023 оқу жылында 1 ауысымда 45 мектепте 13 963 оқушы, 2 ауысымда 173 мектепте 213 762 оқушы, 3 ауысымда 5 мектепте 14 800 оқушы білім алуда.
2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, бюджеттен 44,6 млрд.тг. қаржы бағытталды. Нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары 100% тегін ыстық тамақ ішетін болды. Білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмасы мен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толығымен қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32% — дан 72%-ға дейін артты.
Оқушыларды қосымша біліммен қамту спорт және мәдениет салалары алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы жүзеге асты. Балаларды қосымша біліммен қамту жобасы арқасында үлес бір жылда 49%-дан 76%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 85%, 2025 жылға дейін 100%-ға орындау жоспарланды.
Қоса кетейік, үшінші мегаполисте мұғалімдерге тапшылық жоқ. Жалпы педагогтар саны – 31 мың 800. Мектептерде 22 112 педагог жұмыс істейді, оның 65 пайызы біліктілік санаты бар педагогтар. Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» біліктлігін арттыру ұлттық орталығының Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Бұл көрсеткіш тағы үш жылда 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 300 мың теңгені құрайды деп жоспарлануда.
Тағы бір маңызды сәт, 2022 жылдан бастап мектепке алғаш мұғалім болып кіру үшін біліктілік тестін тапсыру міндеттелді. Бұл да болса сапалы педагогтерді іріктеуде өз нәтижесін беріп келеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 116 білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланып, жаңа оқу жылында жұмыстарын бастады.
Leave a Reply