ШЫМКЕНТ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты гүлзардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар қатысты.  Халықты жаңа гүлзардың ашылуымен құттықтаған шаһар басшысы, демалыс аймағын күтіп ұстаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен қаламызда тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Міне, соның бірі – жаңа гүлзар ел игілігіне беріліп отыр. Мұның барлығы – сіздер, тұрғындар мен балалар үшін. Ендігі мақсат – осы ортақ мүлікті күтіп ұстап, қамқорлық таныту керек», – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Айта өтейік, жаңа гүлзардың аумағы 1,600 га қамтиды. Мұнда амфитеатрмен қоса, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 текшеметр болатын жер асты су сорғысы орнатылды. Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі бар.
Тұрғындар қалада абаттандыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс айтып, ақ жаулықты аналар бата берді. Қала әкімі бастаған қонақтар гүлзар аумағына тал көшеттерін екті.
Жаңа гүлзар ерекше үлгіде салынған. Жауапты мамандар, бұл демалыс орны, әсіресе кешкі уақытта әсемдене түседі дейді.
Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр. Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, белгіленген мерзімінен бұрын пайдалануға берілуде.
Ресми ашылу салтанатынан соң қала әкімі тұрғындармен бірге гүлзарға ағаш екті. Қараусыз қалғандай күй кешкен жердің әдемі әрі демалыс аймағына айналуы — көптің ризашылығын тудырды. Жергілікті жұртшылық игі іске алғыс білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика