ШЫМКЕНТ: «АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ»: СПОРТТЫҚ БӘСЕКЕГЕ 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА АТСАЛЫСАДЫ

Шымкентте оқушылар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандарда «Аула чемпионаты» ойындары басталды. Қалада жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына барлық мүмкіндіктер жасалынған. Яғни, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары спорт алаңшаларымен қамтылған. Атап айтқанда, бес ауданда 373 спорт алаңшалары ел игілігінде. Маусым айында солардың ішіндегі 65 спорттық алаңшада «Аула чемпионаты» ойындары өтеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен сайыста балалар спорттың 7 түрінен – асық ату, ләңгі тебу,баскетбол добын торға түсіру, скакалкамен секіру, футбол қақпасын көздеу, гимнастикалық шеңбер айналдыру, турникке тартылудан сынға түсіп жатыр. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдігі бірлесе ұйымдастыратын бұқаралық іс-шараға биыл 9 000-ға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысал ретінде, «Дипломмен ауылға», келісімшарттық негіздегі әскери қызмет ( бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамының 70 пайыздан астамы келісімшарт негізіндегі әскери қызметте) және т.б. атап өтуге болады.

Қызмет ақпарат

1522 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика