«Баланы жастан» — деп, ата-бабаларымыз ерте кезден балаларын түрлі өнерге баулып өсірген. Жігіттерді қамшы өріп, ат баптауға үйретсе, қыздарды тігін тігіп, өрнек тоқуға баулыған. Ол үрдіс әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Бірі білсе, бірі білмейтін болар. Қазіргі таңда елімізде балаларды түрлі істерге баулитын мектептен тыс үйірмелер жұмысы қарқынды дамып келе жатыр. Сондай үйірмелердің бірі Шымкент қаласында орналасқан «Alisha» оқу орталығы. «Alisha» балаларды дамыту орталығының директоры Бакирова Гульмира Абильпатташовна.
Бакирова Гульмира Абильпатташовна – 1974 жылы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тумасы. «Alisha» балаларды дамыту орталығының директоры. Орталық негізі 2013 жылы қыркүйек айында қаланған. Мекеме алғашында тек тігін мектебі болып ашылып, қыз-келіншектерді ақылы түрде тігіншілікке баулыған. Кейіннен 2022 жылы мемлекет тапсырысы бойынша қаладағы 10-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді қолөнерге, тігіншілікке үйретуді бастаған. Қазіргі таңда орталықта 8 бағыт бойынша 200-ден астам бала білім алып жатыр.
Киім тігу бағытында 8 үйірме жұмыс жасайды, атап айтсақ киім пішу, модельдеу және тігу, құрақ құрау, кестелеу, тоқыма тоқу және кілем тоқу, тері өңдеу. Одан бөлек орталықта балаларға – компьютерлік шрафика, мультипликация және анимация бойынша да дайындайды. Қазіргі таңда мекемеде 8 бағыт бойынша 8 шебер-ұстаз білім беріп отыр.
Мекеменің ашылуына Гульмира Бакированың өнерге деген қызығушылығы, іскерлігі, таланты себеп болған. Орталықты ашудағы басты мақсаты – білгенін болашақ ұрпаққа үйретіп, балаларды еңбек етуге, шығармашылыққа баулу болған. Осындай қызығушылығының арқасында орталық үлкен деңгейге жетіп, қазіргі таңда 200-ден астам баланы тәрбиелеп отыр.
«Тоқаевтың 2020 жылғы жолдауында айтылдығой, А.Байтұрсыновтың сөзімен «Адамға бай болу үшін кәсіп керек» — деп. Менің де ұстанымым сол, балаларды кішкене болса да еңбек етіп, оның нәтижесін көре білуге үйретуіміз керек. Басты мақсатым, мемлекеттің қолдауының арқасында балаларды еңбек етіп оның рахатын, дәмін сезіне білетін ұрпақ етіп тәрбиелеуге кішкене болса да үлес қосу» — дейді орталық директоры Гульмира Бакирова.
Орталықтан білім алып жатқан балалар айтарлықтай жоғарғы нәтиже көрсетіп, көптеген сайыстар мен фестивальдерде бой көрсетуде.
Қызмет ақпарат
1996 символ
Leave a Reply