ҚР СІМ және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының кәсіпкерлері мен өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстанда филиалдары бар шетелдік компанияларға санкция мәселесі жөнінде кезекті қазақстандық-америкалық онлайн-консультация ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктерге АҚШ санкцияларының күтпеген ықпалын азайту, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайту. Америкалық дипломаттар АҚШ енгізген санкциялар, шектеулер режимі шеңберінде бизнес жүргізу және транзакциялар жасаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Тараптар қазақстандық экономикаға санкциялардың ықпалын азайту мақсатында ынтымақтсатықты одан әрі жалғастыруға келісті.
Қызмет ақпарат
Leave a Reply