
Кейде сырттай бәрі жақсы көрінетін отбасының ішінде үлкен қасірет жасырынып жатады. Көп әйел мен бала күнде қорқынышпен өмір сүреді – өйткені үйдің ішінде тыныштық жоқ. Себебі – үйдегі қысым, еркектің әйеліне, баласына қол көтеруі, дауыс көтеруі, қорлауы. Осындай жағдайлар қоғамда аз емес, өкінішке қарай.
Үйдегі қысым дегеніміз не?
Үйдегі қысым – бұл тек қол көтеру емес. Ол:
* Айқайлау, қорқыту;
* Сөзбен кемсіту;
* Бақылау, шектеу (қайда бардың? не киіп жүрсің? кіммен сөйлестің?);
* Ақшаны, еркіндікті бермеу;
* Тіпті үнсіздікпен, салқын қарым-қатынаспен жазалау.
Бұл – психологиялық, физикалық, экономикалық қысым. Мұның бәрі адамның ішкі дүниесіне, рухына үлкен соққы болады. Үй – демалатын, қорған табатын жер болуы керек, ал егер керісінше, үй қорқыныш оятатын жерге айналса – онда бұл зорлық-зомбылық.
Еркек дегеніміз кім?
Кейбір ер адамдар әйеліне қол көтеріп, оны «тәрбиелеп жатырмын» деп ойлайды. Бірақ әйел ұру – тәрбиелеу емес, бұл – әлсіздік. Өз эмоциясын басқара алмайтын, дау арқылы мәселе шешетін адам – нағыз ер азамат емес.
Нағыз ер – отбасына қорған бола білетін, сабырлы, түсіне алатын, қолдау көрсете алатын адам. Ер азамат – отбасының тірегі, ал ұрып-соғатын адам – қорқыныштың көзіне айналады. Бұл – бір-біріне кереғар дүние.
Неліктен бұл туралы айту маңызды?
Бізде «отбасы мәселесіне араласуға болмайды» деген көзқарас бар. Бірақ дәл осындай үнсіздік мыңдаған әйел мен баланың тағдырын тозаққа айналдырып жатыр. Бұл жай ғана отбасы ішіндегі түсініспеушілік емес – бұл қылмыс. Қол көтеру – жазаланатын әрекет.
Бала анасының күнде жылағанын көрсе, әкесінің ашуынан қорқып өссе – ол да өмірге солай қарайды. Ертең өзі де зорлық көрсетуші болуы мүмкін. Яғни, бұл – ұрпаққа берілетін жара.
Не істеу керек?
* Әйелдерге құқықтарын түсіндіру, қолдау көрсету қажет.
* Ер адамдарға психологиялық сауаттылық, эмоциямен жұмыс істеу дағдыларын үйрету маңызды.
* Қоғамда зорлық-зомбылықты қалыпты нәрсе деп емес, тосқауыл қою керек нәрсе ретінде қабылдату қажет.
Ер азамат болу – бұл дауыс көтеру емес, сабыр сақтау. Бұл – әлсізге күш көрсету емес, әлсізді қорғау. Әйел – еркектің серігі, оның жауы емес. Үй – махаббат пен құрметке толы орын болуы тиіс. Қол емес, жүрек берейік. Қысым емес, түсіністік көрсетейік. Міне, нағыз еркектік осы.
Автор:Аятбек Шұғыла Болатбекқызы
өте өзекті тақырып мағыналы әрі мәнді айтылған
Қазіргі таңда өте өзекті тақырыптардың бірі. Тілге жеңіл өте жақсы түсіндірілген.
Оте керемет жазылған сөздерінде мән бар
Сөздерінің бәрі шындық. Жүрекке тиеді. Жарайсың Шұғыла. Тек алға❤️😍🥹
Бұл – қоғамдағы өзекті әрі күрделі мәселелердің бірі. Жазбаның мазмұны мен ұсынылған шешімің өте орынды. Қолдаймын!
Нағыз еркектік – түсіне білу мен сабыр сақтай алу. Бұл жазбадан әрбір адам ой түйсе екен.
😍😍😍😍😍👍🏻👍🏻👍🏻
Шұғыла жарайсың нағыз қоғамда болып жатқан жағдай Ер адам әлсіз болмасын.Отбасын қорғайтын ер азаматтар болсын! Саған зор шабыт тілеймін шығармашылық табыс тілеймін.Тек қана алға жаным!
Керемет жастар біздің болашағымыз!
Керемет жастар біздің болашағымыз! Жастарымызға қамқор болайық!
👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Қоғамда күнделікті талқыланатын өзекті тақырып екен
керемет жазылган😍😍😍
керемет👍🏼
Керееемет👍👍👍👍Жастарга жаксы кенес болады,магыналы👍👍👍
Нақты айтылыпты👌👌
Иә,қазіргі ең өзекті мәселенің бірі болып отырғаны баршамызға мәлім. Қазақ- үйге келгенде бірінші қызын құрметтеген.Әженің оң тізесінде қыз отырған.Сыйлықты әке бірінші қызға беретін болған.Осындай өнеге көрген ер азаматтың әйел баласына қол көтеруі көргенсіздік дер едім
Шұғыла,біраз жанға ой салар мақала жазыпсың,қаламың ұштала берсін!