«МОБИЛЬДІ МҰҒАЛІМ»

Жоба туралы: «Мобильді мұғалім»ге деген сұраныс пандемия кезінде туды. Кейбір пайдалы жақтары ескеріліп кейін тиісті министрлік ауыл мектептерінде ұстаздардың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін жүзеге асыруға ұсынылған қанатқақты жоба ретінде ұсында. Қазіргі таңда бұл жоба  2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасына» енгізіліп отыр.

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы осы 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасындағы» тапсырмаларды орындау үшін «Мобильді мұғалім» жобасы аясында оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинарға «Педагогикалық идея» республикалық конкурсына қатысқан мұғалімдердің тәжірибесі мен әдістерінің қолданудың тиімділігі» тақырыбы өзек болды.

Мұғалімнің кәсіби деңгейін жоғарылату, оқушыларды зерттеу барысындағы үздік педагогикалық тәсілдер мен тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинар екі бағытта жүргізілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жұмыстар А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында жалғасса, №80 IT мектеп-лицейінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мәселелер ортаға салынды.  Республикалық «Педагогикалық идея» конкурсына қатысқан 17 пән мұғалімсабақтағы тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар мектепте оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді әдістермен танысты. Визуалды және ауызша берілген тақырып аясындағы ақпараттар ұстаздардың тәуелсіз ойлануына және ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізді.

Алдағы уақытта «Мобильді мұғалім» жобасы аясында жоспарлы іс-шаралар жалғасын таба беретін болады.Қатысушылар семинар барысында алған білімдері мен көрген тәжірибелері, үйренген әдістерін енді сабақ беру барысында тиімді қолданатын болады.

Қызмет (1519)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика