Азық-түлік бағасы қалай қымбаттайды?

Қазақстанда өндірушіден дүкенге дейін картоп бағасы 135 теңгеден 219 теңгеге дейін, ал сиыр еті 1700 теңгеден 2450 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сауда және интеграция министрлігі көтерме жәнебөлшек саудагерлер кейбір азық-түлік тауарларыныңбағасын қалай негізсіз өсіретінін түсіндіріп берді.

Өндіруші картоптың бағасын 1 кг үшін 135-145 теңгемөлшерінде белгілейді. Содан кейін көтерме сатушы11,7-12,6% үстеме баға қосып және тасымалдың 1 кг үшін 13 теңге алады. Осылайша көтерме сатушыныңбағасы 165-175 теңгеге жетеді. Айырманы 25,1-32,7 %-ға бұрған кезде түпкілікті баға 1 кг үшін 219 теңгені құрайды.

Ал сәбіздің бастапқы бағасы 110-130 теңгеденсаудаланады. Көтерме сауда бағасы 2,3-15% жәнетасымал 1 кг үшін 13 теңге болған соң, баға 135-140 теңгені құрайды. Бөлшек саудада сәбізге тағы 23,6-28,1%  қосылып, 1 кг үшін 173 теңгені қөрсетеді.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметібойынша, қырыққабатты Өзбекстан мен Қырғызстаннан жеткізушілер 1 кг үшін 240 теңгенібелгілеген. Көтерме сатушы оны 12,5 %-ға, 270 теңгеге дейін көтереді. Ал бөлшек саудагер 31,5 %, яғни 355 теңгеге дейін бағаны арттырады.

Сонымен қатар, сиыр етінің құны 1 келі үшін 1700 теңге. Оны көтерме сатушы 25 %-ға, 2125 теңгегедейін, ал бөлшек сатушы 15%-ға, 2450 теңгеге дейінкөтереді.

Ал сүт өндіруші өнімді 1 литрге 210 теңгеден сатады. Көтерме сатушы 10 % қосқаннан кейін оның құны 231 теңгеге дейін, ал бөлшек саудада 8 %-ға артып 1 литрге 250 теңгені құрайды.

Айта кетейік, Сауда министрлігі өткен жылдың тамызайында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасынтұрақтандыру үшін республикалық комиссия құрды. Ол бүкіл баға тізбегі бойынша делдалдық схемалардызерттейді.

Сонымен бірге, Бәсекелестікті қорғау және дамытуагенттігі кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтікмаңызы бар өнімдердің бағасын төмендету қажеттігітуралы 93 хабарлама жіберген. Монополияға қарсыкомплаенстің 189 актісі жасалды.

Қызмет газеті

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика