Шетел көліктері неге жиі жанады?

  Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті. 

      Өрт сөндірушілердің байқауы бойынша кей күндерде шетел көліктері  жиі жанады. Біреулер шетелдік екөліктер біздің жолдарға икемделмеген десе (отын және электр жүйесі босайды), кейбіреулер отынның октан санын көбейтетін әр түрлі қоспаларды кінәлайды. Тағы бір түсіндірме бар — әдейі өртеу. 

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Өрттің бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Жүру кезінде өрт нақ капоттың астынан басталады, темекі қалдығынан отырғыштардың жану оқиғалары бар. 
        Отты өрт сөндіргіштің газ немесе көбік ағысын жану ошағына және өрттің барлық алаңы бойынша бағыттап сөндіру керек. Тағы бір әдіс – біртіндеп кеңістікті ала отырып, оттың фронтын басу. Әрине, бірнеше өрт сөндіргішті қолданған тиімді, сонымен қатар кәдімгі өрт сөндіру құралдарының комбинациясы: құм, брезент, қар, су және т.б. Осы уақытта өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпаңыз. 
      Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады. 
         Гаражға мынандай шек қойылады: 
 — күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;   
 — гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;   
 — қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;   
 — бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;   
 — пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.   
       Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті — өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек. 
      Тағы бір ескерту. Жол қозғалысы ережелерінде сөндірілген қозғалтқышпен ғана жанармай құюға болатыны ескертілмеген, бірақ бұл ережені әр жүргізуші біледі: тәжірибелі нұсқаушы жүргізуші куәлігін алудың алдында бір аппаратта бензин мен электрсымның қосылуы өте қауіпті екенін түсіндіруді ұмытпайды.

М. Жақсыбаев

Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің  бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика