Тағам қауіпсіздігінің адам ағзасы үшін маңызы өте зор. Тағамнан улану адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Улану және тағамдык токсикоинфекцияның пайда болуына дайын тағамдарды тасымалдау, дайындау барысында санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормалардың өрескел бұзылуы, тез бұзылатын азық-түліктердің сақтау мерзімінің бұзылуы ықпалын тигізеді.
Тағамнан улану – белгілі бір көп мөлшерде микроорганизмдер зақымдалған тағамды немесе адам ағзасына улы тағамдарды жегенде пайда болатын жедел ауру.
Тағамдық токсикоинфекция — бұл асқазан ішек органдарының жоғарғы бөлігін зақымдап, су-тұз алмасуының бұзылуымен сипатталатын қысқа мерзімді жедел жұқпалы ауру. Адам ішегінде қолайлы жағдайларда аурудың бастапқы кезінде қоздырғыш көбейіп, адам мен жануарлардың нәжісімен сыртқы ортаға бөлініп, топырақ, суларды және тағы басқа жерлерді зақымдап, белгілі уақытқа дейін өмір сүреді. Тағамдық токсикоинфекция тағам арқылы жұғады.
Тағамдық, токсикоинфекциясының берілуі факторлары шұжық, жұмыртка, ет, балык, салаттар, сүт және сүт тағамдары, шырын сусындары, кисель, квас. Тағамдык, токсикоинфекцияның ауыр түрі сирек кездеседі, бұл жалпы аурудың 1-2% -нан аспайды.
Аурудың клиникалык белгілері: аурудың тұракты белгілерінің бірі — іш өту, құсу аурулардың біразында кездессе, жүрегінің айнуы мен іш аймағының ауырсынуына барлық аурулар шағымданады. Осы клиникалық белгілер пайда болған кезде ауру асқынбай тұрғанда, жедел медициналық көмекке жүгіну қажет.
Л.Туртаева
Әл-Фараби ауданы
СЭББ-ның бас маманы
Leave a Reply