ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ТӘШКЕНДЕ ӨТЕДІ

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстанның бас шаһары –Ташкент қаласында өтетін болды. Бұл жайында АИБА-ның президенті Умар Кремлев мәлімдеді.

МАҢЫЗДЫ СПОРТ БӘСЕКЕГЕ НЕГЕ ТӘШКЕН ТАҢДАЛДЫ?

Себеп көп. Соның бірі соңғы кездері көрші мемлекеттің былғары қолғап шеберлері толағай табыстарға қол жеткізіп жүргені бар, оған бәріміз куәміз, және мойындауға тиіспіз. Мәселен, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпиада ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді олжалаған Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады.

Ал, 2017 жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатында 6 жүлдені (1 алтын+3 күміс+2 қола) иеленген өзбектің былғары қолғап шеберлері жүлде бойынша  екінші сатыға жайғасты.

2019 жылы Екатеринбургте ұйымдастырылған дүниежүзілік додада 5 рет (3+1+1) жеңіс тұғырына көтерілген «Ала тақиялы ағайынның» боксшылары командалық сайыста бірнші орынды еншіледі. Осындай жетістіктерді есепке алып, тізбелеген АИБА басшылығы байрақты бәсекені өткізуді Өзбекстанға сеніп тапсырып отыр.

Әлем чемпионатына Ресей, Беларуссия  мемлекеттері құрамаларының қатысуына қарсылық білдірген бірқатар елдер Тәшкенде өтетін чемпионатқа  қатысудан бас тартуы да спортқа саясаттың әсері барын байқатса керек.

Осындай ақпараттарға қарағанда бокстағы саясат- рингктегі жекпе-жектен де тартысты болатын түрі бар.

Осындай себептер,  елімізден Ташкентке өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшыларға аса зор жауапкершілік жүктеп отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық бокс федерациясының жаңадан сайланған президенті Бахадыр Нарымбетов бокс мамандарымен өткізген кездесуінде айтты.

Жиында үшінші мегаполистегі  бокстың дамуы жайында жан-жақты сөз болып, мамандардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Алқалы бас қосуға  Мұхтархан Ділдәбеков бастаған даңқты былғары қолғап шеберлері қатысты.  Бокстағы кемшіліктерді жою тақырыбы қызу талқыға түсті. Былғары қолғап шеберлерінің байрақты бәсекелерге дайындығына қолдау жасау жайы сөз болды.

Құрама сапында биыл шымкенттіктердің басты үміті Махмұд Сабырхан болып отыр.

Жас боксердің жекпе –жегі туралы сарапшылар  түрлі жағымды пікірлер айтып жүр.Тіпті «қазақтың Ломаченкосы» деген теңеулер де айтылады.22 жастағы боксер 54 келі салмақта көш бастап тұр. Алда Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама мүшелері оңтүстік жерінде оқу-жаттығуын жүргізеді.

 

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика