Қос Гүлнәрін аялаған ел қандай …

Қазақтың көрнекті ақыныірнеше жыржинақтарының авторы,Түркістан өңірінің аяулы қызы Гүлнәр Шәмшиеваның есімі баршамызғаетене таныс.

Көркем екен,

Інжудің қабығынан,

шыққандажабығып ән!

Жыр болыпылап тұрмын,

Аршылған  — собығынан! деген сыршыл да сұлужырлары өз оқырманың тапқан, талантты ақынкөптеген әндердің де авторы және ғажапорындаушы. Гүлнәр ақынның әнжыр әлемі-мөлдіреген мұң,үлбіреген сезім,имани нұрытөгілген жүрек сырықынның поэзиясыныңайдынына сүнгіп кетіп,тереңіне үніліп,сырынақаңығып,тап-таза әлемінің шетінен абайлапұстап,аялап қана оқысаң ғажап әлемге тап боласың.

Гүлнәр ақын жуырда Алатаудың баурайынан туғанелге бет алып, Шымқалада аялдады. Аялдағандажәй ғана аялдамай, жырынан шашу төге келіпті. Шымқаладағы қалын оқырманы сүйікті ақыныменкездесу дайындап  та қойыпты. Қашандажаңалықтың жаршысы бопухани іс-шаралардыңбасы-қасынан табылатын танымал журналист Бейсенкүл Нарымбетова Гүлнәр ақынның келетіненхабардар бола сала, жыр кешін ұйымдастыруға бел шеше кірісіпті. А.С.Пушкин ат.қалалық кітапханадиректоры Н.Романова да дереу қолдап, кітапханада өткізейік деп ұсынады. Бейсенкүлкешті жүргізуге Созақтан мені қалап шақырды. Содан кештін сұлбасы айқындалып, қос Гүлнәрдіңжыр кеші оқырманға жол тартты. Сәуірдіңжетісінде Шымқаланың аспаны ауық-ауықнөсерлетіп, кейде майдалай жауып ,көңілге әдемімұң ұялатқандай еді

Кітапхананың жаңғырып-жаңарған галерея залында көрме жасалып экраннан «Жаныңдынұрландырып, қос Гүлнәр жырлар күліп…» депкештің тақырыбы мен мұндалап тұрды. Жып-жинақы, ұядай ғана залда топырлаған көпшілікемес, нағыз рухани дүниеге сусағандар ғанажиналды. Алғысөзде Бейсенкүл қос Гүлнәрді тоғыстыру мақсатын айта келе, қатысушыларға жағымды демалыс тіледі. Әрі қарай жыр иірімдеріне сүнгіген оқырман уақыттың қалай өткенін сезбей де қалды. Ән әуелепыр төгілді. Оқырмандар да қосыла ән салып, жыр оқыпжаттыақындардың кітабы қолдан-қолғаөтіп,жарыса оқыдытілек-ойлар да төгілді.Кітапхана ардагері,кітап әлемінің білгірі Ш. Динасилова,  Әл Фараби кітапханасының директоры, айтыскер ақын Анар Жаппаркулова  өз кезектерінде ақынның өлеңдеріне тереңнен бойлап, әдемі тілектерін айтты. Тілеулестігін білдірді. “Гүлнардың кешін Шынар жүргізсе жараспайқалатын еді” — деп Анар  әдемі әзілдеп,кештақырыбына әр қосты. Өлеңді бағалай білетін,жүрегімен оқитын жас Т.Имантаева ақын жырларын төгілтіп, ақжарма тілегімен өрнектеді. ГүлнәрШәмшиеваың әндерін танымал әнші-сазгер А.Саттарова келістіре орындаса, талантты қаламгер Б.Аудан  ізгі тілектерін арнады.  Әрине, іс-шараның көркі 52ші  мектеп директоры арнайы өзі дайындап әкелген, өлең сүйген жасөспірімдердін жыр сәті болды. Мектеп директоры Айнұр Жарылқасынқызы  Гүлнәр Шәмшиеваның шығармашылығына тоқталып, пікірін білдірді, гүл шоқтарын тапсырды.

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика