Шымкенттік ақынның Жыр кеші өтті

 

 

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылымикітапханасында ақын, Қазақстан Жазушылар одағыныңмүшесі, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтыңлауреаты, «Жылдың үздік ақыны», «Алтын қалам» иегерішымкенттік ақын Дәурен Айманбеттің «Өмір – Өлең» аттыпоэзия кеші өтті.  Әдеби жиынға ақын, аудармашы Абай Қалшабек модераторлық етті. Кеш шымылдығынХалықаралық туризм және меймандостық университетініңстуденттері автордың «Мең» циклі желісімен сахналыққойылымымен ашты. Сонымен қоса «Жұмбақ қызданкелген хат», «Сен және Мен», «Мен ертең жол жүремін!» композициялары сахналанады.

Мазмұнды шараны облыс әкімінің орынбасары БейсенбайТәжібаев ашып берді. «Түркістан облысының құрылғанынабиыл 5 жыл! Аз уақыттың ішінде облыс орталығында көзтартар жаңа ғимараттар соғылды. Осындай мәдени ошақтаенді әр апта сайын ақын-жазушыларымыздыңкештері,жастар арасында поэзия кештері жиі өтуі керек. Мемлекет басшысы Түркістанға сапарында қалаға тарихиелорда мәртебесін беру жөнінде айтқан болатын. Ондаймәртебе үшін ұлттық құндылықтарымызға үлес қосыпжүрген әдеби ортаның маңызы зор. Шымкент қаласы менТүркістан облысының әкімшілік бөлінісі болмаса, адамы да,ақыны да, әншісі, өнерлісі де, жетістігі де ортақ» деді Бейсенбай Дәулетұлы. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары кеш иесіне арнайы құттықтау хат пен жақында ғана өмірден өткен қаламгер Мархабат Байғұттың қолтаңбасы қойылған «Түркілер төрі – Түркістан» кітабын табыстады.

Поэзия кешінде студент жастар мен ақынның өзі сырлыөлеңдер оқыды.  Сонымен қатар Захардин Қыстаубаев, Бақытжан Алдияр, Бекарыс Шойбеков, Ғалымжан Елшібай, Гүлнар Өмірбек, Асылзат Арыстанбек, БейсенкүлНарымбетова, тағы да басқа өлкемізге белгілі зиялы қауымөкілдері, ақын-жазушылар жылы лебізі мен ақынның анасы мен жарына алғыс білдірді. Ал кейіпкердің анасы ҚалдыкүлТөлегенқызы және сынып жетекшісі бала Дәурен жайлыестеліктерімен бөлісті. Кеш соңында әсем әуен шырқалып, келген қонақтар рухани байып, көтеріңкі көңіл-күйментарқасты.

Шымкент қаласының әкімдігі Дәурен ақынның оқырмандары үшін көлік жағын қамдап, жыр сүйер қауым Түркістан қаласына  жыр оқып, ән тыңдап думандатып барып қайтты. Бұл жергілікті биліктің өнер адамдары, соның ішіне ақын шығармашылығына деген көзқарасының өзгере бастағанын көрсетсе керек. Айманбеттің киелі қаладағы кездесуі кітапханашылар ұйымдастырған ерекше көрмемен есте қалды.

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика